ПОДЕЛИТЬСЯ
12 наурыз 2019 | 13:05
Елімізде апта сайын қызылшаның 400 жағдайы тіркеледі
1 сәуірде елімізде қызылшаға қарсы вакцинациялау басталады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы, бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазіргі уақытта қызылшаға қатысты жағдай сол деңгейде. Апта сайын 400 жағдай тіркеліп отырады. 1 сәуірде вакцинациялау басталады. Оған дейін 20 наурызға қарай қызылшаға, паротитке және қызамыққа қарсы үш валентті вакцина жүзеге асырылады. Вакцинациялау бірінші кезекте балаларға жүргізіледі. Мұндай әдісті осыған дейін де қолданғанбыз", - деді Бекшин үкімет отырысынан кейін.
Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, науқастармен жұмыс істеп жүрген медициналық қызметкерлерге де вакцинациялау жүргізіледі. Сондай-ақ, Бекшин елімізде былтыр қараша айынан бастап осы дерт бойынша шамамен 4 000 дерек тіркелгенін айтып өтті.
Показать комментарии
Читайте также