05 сәуір 2016 11:03

Ерте жыныстық қатынасқа түсу - белсіздіктің белең алуына себеп

ПОДЕЛИТЬСЯ

© neo-med.biz © neo-med.biz

Ерте жыныстық қатынасқа түсу - белсіздіктің белең алуына себеп. Бұл туралы Б. Жарбосынов атындағы Урология орталығының бас директоры Мырзакерім Алшынбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Otyrar.kz. Оның айтуынша, отбасын құрған әрбір бесінші жұп осы сырқаттың зардабын тартып жүр.

Еліміздің бас урологы Оңтүстік Қазақстан облысына іс-сапармен барды. Өлкеге ат басын бұрған дәрігер жергілікті ақ халаттылармен тәжірибе бөлісіп, ауыр халдегі жеті науқасқа ота жасады.

Қазақстанның бас урологы Мырзакерім Алшынбаев арнайы мамандардан құралған білікті дәрігерлердің қатысуымен науқастарды қабылдады. Ал 9 сәуір күні саулығы сыр берген ерлер үшін облыстық клиникалық ауруханада ашық есік күнін өткізбек. Онда ОҚО-ның кез келген азаматы жоғары дәрежелі маманның тегін қабылдауына жүгіне алады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети