19 желтоқсан 2015 10:36

Ғалымдар обырдың пайда болуының негізгі себебін атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Обыр жасушалары. © Wellcome Collection Обыр жасушалары. © Wellcome Collection

Нью-Йоркте Стоуни Брук (Stony Brook) университетінің зерттеушілері обырдың пайда болуының негізгі себебі (10 жағдайдың 9-нда) генетикалық сынды кездейсоқ факторлар емес, қоршаған ортаның кері әсері және салауатты өмір салтын сақтамау (дұрыс тамақтанбау, шылым шегу) деген тұжырымға келді. Зерттеу қорытындылары Nature журналына жарияланды, деп жазды The Telegraph.

Қазіргі таңда ғылыми орта обырдың пайда болу себебі неде деген мәселені қызу талқылап жатыр. Ғалымдардың бір тобы бұл дерттің пайда болуына жаман әдеттер емес, ДНҚ-дағы жасушалардың кездейсоқ өзгерісі себепші деп есептейді.

Алайда америкалық ғалымдар қатерлі ісіктің пайда болуына сыртқы әсердің ықпалы көп деген тұжырым жасап отыр. Олардың ойынша, өмір сүру салтын өзгерту арқылы (шылым шегуден бас тарту, дене салмағының қалыпқа келуі, ішімдікке шектеу қою, күннің көзінде ұзақ жүруден бас тарту) бұл дертке шалдығудың 90 пайызында оның алдын алуға болатын еді. Жаңа зерттеу авторларының есептеуінше, обырға шалдығудың себебі ДНҚ-дағы өзгеріс деп түсіндіруге онымен ауыратындардың саны сәйкес келмей отыр, олар тым көп.     

Осылайша, ғалымдар жаман әдетке үйір емес адамдардың өзі обырға шалдықпайды деген кепілдікті де бере алмады, бірақ оларда қатерлі ісікке шалдығу қаупі айтарлықтай төмен болады.

Сөйтіп, обырдың пайда болуының ең негізгі себептері қандай және оның қаупін сейілту мүмкін бе деген сұрақ әлі де нақты жауапсыз қалып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети