Миннесота университетінің ғалымдары сенолитиктердің тиімділігін анықтады - ондай препараттар ағзаның қартаюымен күрес кезінде кәрі жасушаларды өлтіруді жеделдетеді, деп хабарлады РИА Новости агенттігі MedicalXpress басылымына сілтеме жасап.

Зерттеу жұмыстары "Дазатиниб" және "Кварцетин" препараттарынан тұратын қоспаның кәрілік фенотипіне ие жасушалардың көзін жоюға мүмкіндік беретінін көрсетті. Соның арқасында, сол жасушалардан шығатын цитокиндердің кесірінен пайда болған қабыну азаяды.
Бұл қоспа кеміргіштердің 65 пайызында уақытынан бұрын өлу қаупін төмендеткен. Қартайған жасушаларына трансплантация жасалған тышқандарда сенолитикалық терапия өмір ұзақтығын 35 пайызға арттырды.
Ғалымдар болашақта сенолитиктердің адам қартаюымен күрес кезіндегі тиімділігін растайтындарына сеніп отыр.