19 тамыз 2018 09:38

Ғалымдар өмірді ұзартатын дәрі-дәрмектерді атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Миннесота университетінің ғалымдары сенолитиктердің тиімділігін анықтады - ондай препараттар ағзаның қартаюымен күрес кезінде кәрі жасушаларды өлтіруді жеделдетеді, деп хабарлады РИА Новости агенттігі MedicalXpress басылымына сілтеме жасап.

Зерттеу жұмыстары "Дазатиниб" және "Кварцетин" препараттарынан тұратын қоспаның кәрілік фенотипіне ие жасушалардың көзін жоюға мүмкіндік беретінін көрсетті. Соның арқасында, сол жасушалардан шығатын цитокиндердің кесірінен пайда болған қабыну азаяды.

Бұл қоспа кеміргіштердің 65 пайызында уақытынан бұрын өлу қаупін төмендеткен. Қартайған жасушаларына трансплантация жасалған тышқандарда сенолитикалық терапия өмір ұзақтығын 35 пайызға арттырды.

Ғалымдар болашақта сенолитиктердің адам қартаюымен күрес кезіндегі тиімділігін растайтындарына сеніп отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети