10 қараша 2015 10:02

Жасанды ұрықтандыру ісіне қатысты Діни басқарманың ғұламалар кеңесі үкім шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vk.com © vk.com

Еліміздегі жасанды ұрықтандыру ісіне қатысты Діни басқарманың ғұламалар кеңесі үкім шығарды, - деп хабарлайды "31 арна".


Еліміздегі жасанды ұрықтандыру ісіне қатысты Діни басқарманың ғұламалар кеңесі үкім шығарды, - деп хабарлайды "31 арна".

Телеарна тілшілерінің мәліметінше, Қазақстанда әрбір бесінші отбасы табиғи жолмен бала сүю бақытына жете алмайды. Сол себепті медициналық жолмен жасанды ұрықтандыруға барады. Алайда бұл ретте дін мен медицинаның қарама-қайшылығы туады. Мүфтияттың ғұламалар кеңесі мәселенің тоқ етер шешімін айтты. "Тек өзінің күйеуінің ғана ұрығы сырттай немесе іштей ұрықтандыру арқылы жасалатын болса ғана шариғи тұрғыда рұқсат беріледі", - деді ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Әлиұлы. 

Діни басқарма шығарған үкім бойынша, жасанды ұрықтандыру үшін донорлық қызметті пайдалану зина болып саналады. Сондықтан отбасы мүшелері медициналық көмекке жүгініп, емделуді құптайды. Алайда еліміздегі 20-ға жуық экстрокорпоральды ұрықтандыру орталықтарына донорлық ұрық пен суррогат ана қызметін қажет етушілер көп келеді екен. Ұрпақ сүюдің соңғы үміті дегенмен, жасанды ұрықтандырудың да барлығы сәтті аяқтала бермейді. 

"Экомед" емханасының ғылыми директоры Салтанат Байқошқарованың айтуынша, ерлі-зайыпты екеуі шешім қабылдаған болса, донорлық ұрыққа мысалы. "Бірақ оның моральдық жағы бар. Және де қаражат жағынан көбірек кетеді. Оған өйткені біреуді жалдау керек, не біреуден ұрық алу керек", - деді ол. 

ЭКҰ орталықтары отбасыларға донорлық ұрыққа бармауға кеңес беріп, психологиялық тренингтер өткізеді. Бірақ заң жүзінде рұқсат берілетіндіктен бала асырап алғаннан гөрі, көп отбасылар осы жолды таңдайды дейді маман. Өйткені, жасанды жолмен өмірге келген жатқұрсақ баланың тағдыры алаңдатады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети