25 қыркүйек 2019 15:16

Жеміс пен көкөністерден бас тартқан ұлыбританиялық қыз зағип болып қалуы мүмкін

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Pixabay © Pixabay

Бала кезінен тек пицца, макарон, майға қуырылған картоп және тауықтан жасалған наггетс жеп өскен ұлыбританиялық қыз 22 жасында көру қабілетінен мүлдем айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды РИА Новости Daily Mail басылымына сілтеме жасап. 

Джейд Янгмен 3 жасынан тамақ талғап жейді екен. Соның кесірінен жеміс-жидек, көкөніс және басқа да тағамдардан бас тартуға тура келген. Дәрігерлер қыздың бұл әдеті өсе келе қояды деген, бірақ әлі күнге дейін өзгеріс жоқ. 

Қыз жеміс пен көкөністі көргенде жүрегі айнитынын айтады. Ол бұл тағамдарды жегенде ештеңе болмайтынын түсінсе де, өзін қинай алмайды екен. 

Ол бұл проблеманы психотерапевттердің көмегімен шешуге тырысқан, бірақ нәтиже көрмеген. 

"Мен мұның денсаулығыма кері әсер ететінін білемін", - дейді қыз. 

Дәрігерлер ұлыбританиялық қызға көз жанарынан айырылып қалуы мүмкін екенін айтып, ескерту жасаған. Себебі ағзаға қажетті витамин мен минералдар бармайды.

Осыған ұқсас оқиға мұның алдында да болған, былтыр 18 жастағы Харви Дайердің бір көзі осындай "диетадан" көрмей қалған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.4   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети