08 қазан 2019 09:37

"Жұмыс істеуге мұрша беріңіздерші". Атыраулық атышулы перзентхананың дәрігерлері мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 24.kz © 24.kz

Бірнеше күн бұрын, алдын ала мәлімет бойынша, қызметкерлерінің селқостығынан жаңа туған сәби қайтыс болған Атырау облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлері оқиғадан кейін камера алдында сөз сөйледі. Атышулы перзентхананың дәрігерлері "Хабар 24" телеарнасының сюжетінде көрсетілген. 


Бірнеше күн бұрын, алдын ала мәлімет бойынша, қызметкерлерінің селқостығынан жаңа туған сәби қайтыс болған Атырау облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлері оқиғадан кейін камера алдында сөз сөйледі. Атышулы перзентхананың дәрігерлері "Хабар 24" телеарнасының сюжетінде көрсетілген. 

"Олар кінәлі ме, кінәлі емес пе - білмеймін. Сот шешімі шықпай жатып ешкім ештеңе айта алмайды. Бізге жұмыс істеуге мұрша беріңіздерші!", - деді перинаталдық орталықтың гинекологиялық бөлімінің меңгерушісі Бақыт Шоқабаева. 

"Бізге дәл қазір психологиялық және моральдық тыныштық керек. Өз жұмыс орнымызда дұрыс жұмыс істей алуымыз үшін", - дейді акушер-гинеколог Меруерт Айдарханова. 

"Халық арасында мұнда тек қанішерлер жұмыс істейді деген ой қалыптасқан. Мұндай жағдайда жұмыс істеу мүмкін емес. Онсыз да бұл жағдайдан соң оңай емес", - дейді акушер-гинеколог Нұрлан Жұбанышев. 

Бұған дейін хабарланғандай, шақалақты әдейі өлтірді деген айып перинаталдық орталықтың директоры Қуаныш Нысанбаев пен акушер-гинеколог Асқар Қайыржанға тағылған. Тергеу мәліметі бойынша, дүниеге келген сәбиді "өлі туды" деп рәсімдеп, мұздатқыш камерасына салып тастаған. Ал сәби ол кезде тірі болған. 

Бұл оқиға қоғам арасында қызу талқыға түсті. Жағдай перзентхананың жұмысын тоқтатып тастады. Бұған дейін перинаталдық орталықтың 31 қызметі өз еркімен жұмыстан кетуге арыз жазғаны белгілі болған. 

"Медициналық көмекті бере беруіміз керек. Сондықтан өз дәрігерлерімді бүгін одан да жақсы, бұрынғыдай жұмыс істеуге шақырамын", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймұрзиева. 

Әзірше перзентхана қызметкерлері жұмыстан шығуға арыз жазған дәрігерлер қызметін жалғастырып жатыр. Мұнда күн сайын 35-40 сәби дүниеге келеді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети