Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қан алып емдеуге қатысты пікір білдірді - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қан алып емдеуге қатысты пікір білдірді - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында журналистер министрге хиджамамен емделудің қандай қаупі бар екені жайлы сұрақ қойды. Министр халық медицинасының медициналық қызмет көрсету түріне жатпайтынын және оған кепіл берілмейтінін айтып өтті.
"Сондай-ақ, ғылыми негізі бар немесе ғылыми тұрғыдан дәлелденген бірақ Денсаулық министрі қарастырмаған қызмет түрлері де медициналық қызметтерге кірмейді. Сондықтан да мұндай тексерілмеген жағдайларда, яғни, қауіпті жағдайларда барлық жауапкершілікті азаматтардың өзі алады", - деді министр.
"Министрлік өкілеттігі аясында қандай да бір қиындықтар немесе хаттар келіп жатса, біз оны қарастыруға дайынбыз. Өкілеттігіміз бар, сәйкес жұмыс істейтін комитеттер де бар. Комитет өкілдеріне де хабарлай аласыздар. Қазіргі уақытта осы салада қандай да бір жоспар енгізу немесе оған тыйым салуды қарастырып жатқан жоқпыз", - деді Елжан Біртанов.
Кейбір ашық дереккөздерде хиджамамен емделудің қан алып емделу екені айтылады.