16 қыркүйек 2015 11:38

Каспий жағалауында қырылған суқұзғындардан құс тұмауы табылмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Каспий жағалауында қырылып қалған суқұзғындардан құс тұмауы табылған жоқ, - деп хабарлайды "Ақжайық" газеті.


Каспий жағалауында қырылып қалған суқұзғындардан құс тұмауы табылған жоқ, - деп хабарлайды "Ақжайық" газеті.

Атырау аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының бас маманы Сақтап Әліпқалиевтің айтуынша, Шалыгада атып алынған құстарды зерттеу қорытындылары 15 қыркүйекте Италиядан келді. "Мәліметтер бойынша, құс тұмауы анықталмады. Сол күні аумақтық инспекцияда 16-30 қыркүйек аралығында суда жүзетін құстарды аулау күзгі маусымын ашу туралы бұйрыққа қол қойылды", - деді ол.

Айта кетейік, биыл мамыр айында Атыраудан 50 шақырым жердегі Шалыга аралынан бірнеше өлі теңіз құсы - суқұзғындар табылды. Зерттеу жүргізу үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің ұлттық референттік орталығына үлгілер жөнелтілді. Нәтиже суқұзғындардан құс тұмауының вирусы H5N1-дің бар екенін көрсетті.

Бұл қорытындыны растау үшін талдаулар халықаралық зертханаға жіберілді. Ол жақтан суқұзғындардың бірінен H5N1 вирусы табылғаны жөнінде қорытынды келді. Алайда кейін өлі құстардың үлгісін қайта қарау туралы шешім қабылданды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети