31 тамыз 2019 17:09

Қазақстан нарығындағы сапасыз дәрі-дәрмектермен күрес күшейеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін елордада Тауарлар мен қызметтер сапасы жөніндегі комитеттің жобалық кеңсесі ашылды, - деп хабарлайды "Хабар 24".


Бүгін елордада Тауарлар мен қызметтер сапасы жөніндегі комитеттің жобалық кеңсесі ашылды, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы мекеме енді дәрі-дәрмектер тексерісін жаңғыртып, шетелдік өнімдерге қатысты талапты күшейтпек. Сала мамандары бұдан басқа да біртақатар маңызды жұмыстарды атқарады. Басты мақсат - 2020 жылдың ортасына қарай медициналық қызметтер жүйесін жетілдіріп, халықтың денсаулығын жақсарту.

Осы арқылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бекіткен еуропалық саясаттың негізін қалыптастыру көзделген. Кеңсенің жұмысымен бүгін үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев танысты.

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары еліміздегі медициналық жүйеге жоғары баға берді. Сонымен қатар бірқатар ескерту де жасаған болатын. Бұл шамамен 30 тетікке қатысты олқылықтар. Жаңа кеңсе сол мәселелерді шешуге тікелей мұрындық болады. Бұған қоса, саланы одан сайын жетілдіру бойынша бірқатар міндет бар", - дейді ҚР ДСМ Ұлттық орталығының бас директоры Арнұр Нұртаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети