30 қазан 2018 17:40

Қазақстанда жас жұптардың 15 пайызы бедеуліктен зардап шегіп жатыр

© dom-lady.ru

Қазақстанда жас отбасылық жұптардың 15 пайызы бедеуліктен зардап шегіп жатыр. Статистикалық мәліметтерге қарағанда, әрбір алтыншы жұп бала көтере алмай жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығының мамандарына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Жағымсыз тенденциялардың бірі - жастар арасындағы бедеулік проблемасы. Еуропадағы урологтар ассоциациясының мәліметтеріне сәйкес, отбасылық жұптардың шамамен 25 пайызы бір жыл уақыт бойы бала көтере алмайды. Олардың 15 пайызы бедеуліктен емделген жағдайда, шамамен 5 пайызы сол күйі бала көтермейді. Әрбір алтыншы жұпта осы проблема бар", - дейді Ғылыми орталықтың өкілдері.

Реклама
Реклама

Айтуларынша, бедеулікке жұптардың бірінің немесе екеуінің де репродуктив функциясының бұзылуы себеп болуы мүмкін.

Қазақстандық мамандардың сөзіне сүйенсек, бұрын отбасылық жұптардың арасындағы бедеулікке көбіне әйелдер себепші болып жатса, бүгінде мұндай жағдайдың 45 пайызы ерлерден деп айтуға болады. Бұл проблеманы шешу үшін кешенді жұмыс жүргізу керек: урологтармен, андрологтармен және репродуктологтармен.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram