04 мамыр 2015 16:15

Қазақстанда жедел жәрдемнің жету уақыты 30 пайызға қысқаратын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Қазақстанда жедел жәрдемнің жету уақыты 30 пайызға қысқаратын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алайда мұндай мүмкіндік беретін жүйе әзірше батыс қазақстандықтар үшін ғана қолжетімді болып тұр.


Қазақстанда жедел жәрдемнің жету уақыты 30 пайызға қысқаратын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алайда мұндай мүмкіндік беретін жүйе әзірше батыс қазақстандықтар үшін ғана қолжетімді болып тұр.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, БҚО-ның барлық жедел жәрдем станциясында автоматтандырылған басқару жүйесі орнатылды. Басқару жүйесінің арқасында оперативтік, статистикалық және әкімшілік бөлімдердің жұмысы толық автоматтандырылып, облыс орталығының жекелеген аудандары мен жалпы қала бойынша оперативтік ахуалдың көрінісі және бақылау қамтамасыз етіледі. Айта кетейік, бағдарлама өңірдің барлық қосалқы станцияларында орнатылған. 

"Бұл станция қызметінің жұмысын жеделдетіп, шақырулар бойынша жету уақытын 30 пайызға қысқартуға мүмкіндік береді. Шақырулар картасын автоматтандырылған өңдеу негізінде бастапқы диагностиканың нысандандырылған алгоритмдері және шақыруларға қызмет көрсетуді оперативті бақылау есебінен медициналық қызмет көрсету сапасы артады.
Сонымен қатар, шақыруларға қызмет көрсету нәтижелері және бригадалар жұмысының хронологиясы, оның ішінде жырақтағы қосалқы станциялардан берілетін мәліметтер жинақталады", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 17 ақпанда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде өткен кеңейтілген алқа мәжілісінде министр Тамара Дүйсенова министрлік мамандарының денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек салаларында ұсынылатын қызметтер сапасын арттыруға күш салатынын мәлімдеген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети