05 наурыз 2015 12:22

Қазақстанда тұңғыш рет науқастың бүйрегі мәйіттің органымен алмастырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Gazeta.ru ©Gazeta.ru

Қазақстанда тұңғыш рет 17 жастағы жасөспірімге мәйіттен алынған бүйрек салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ана мен бала" ұлттық-ғылыми орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанда тұңғыш рет 17 жастағы жасөспірімге мәйіттен алынған бүйрек салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ана мен бала" ұлттық-ғылыми орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүйрегі алмастырылған жеткіншек - Қостанай қаласының тұрғыны. Ол соңғы 6 жылдан бері орталықтың нефрология және диализ бөлімшесінде "созылмалы бүйрек жетіспеушілігі" деген ауру бойынша тіркеліп келген. Оған 20 ақпанда Степногорск қаласындағы емханалардың бірінде қайтыс болған 29 жастағы азамат донор болды. 

Республикалық трансплантация үйлестіру орталығы мүше трансплантациясын жасауға шешім шығарды. "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ-ның үш еншілес ұйымы: "Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы" АҚ, "Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы" АҚ мен "Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы" АҚ мамандары Степногорск қаласына барғаннан кейін бүйректі елордаға жеткізген.  

Дәрігерлер ота жасалғаннан кейін баланың жағдайы бірқалыпты екенін, оның орталықтың жансақтау бөлімінен "Ана мен бала" ҰҒО-ның Бүйрек орталығына ауыстырылғанын және науқасқа тиісті терапия жасалып жатқанын хабарлады.

Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында жасалған күрделі операцияға ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ қолдау білдірді.

"2011-2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты - елдің орнықты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту. Қазіргі таңда елімізде аталған жобаны жүзеге асыру үшін түрлі жұмыстар атқарылып келеді. Соңғы уақытта елімізде отандық трансплантология саласын дамытуда белсенді жұмыстар атқарылып келеді. Оған дәлел ретінде жыл сайын жасалатын мүше трансплантациясы көлемінің артуын айтуға болады", - делінген орталықтың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети