Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қазақстандықтардың көпшілігі Түркияға емделуге барады

15 Мамыр 2014, 12:38
0

Былтыр 8 мыңға жуық қазақстандық Анадолы елінде емделіпті. Түрік медициналық туризм қауымдастығының Қазақстандағы ресми өкілі Халида Садықова осылай деп мәлімдеді деп хабарлайды Теngrinews.kz тілшісі.

2010 жылы бұл меже мың адамнан аспайтын.

"Қазіргі уақытта Түркия емделу үшін баратын елге айналды. Екі жыл бұрын ол жаққа айына үш-бес мың орыстілді науқас барып емделсе, қазір бұл көрсеткіш он мың адамнан асып жығылады. Елімізден былтыр Түркияға 7843 адам ем іздеп барған. Екі жыл бұрын бұл көрсеткіш 4 мың адамға жетпеген болатын. Түркияда медициналық туризм саласының жоғары өрлеуіне сол елдің Үкіметінің қабылдаған бағдарламалары мен медицина саласына тартылған инвестициялары септігін тигізіп отыр. Сонымен қатар, еуропалық сападағы түрік емханаларындағы медициналық көмек көрсету бағасы еуропадағы ауруханалармен салыстырғанда біршама төмен", - дейді Х.Садықова.

Түркияда емделетіндердің көбі пластикалық хирургия, репродуктивті технология, стоматология, офтальмология, онкология мен нейрохирургия саласының мамандарына жүгінеді екен. Сырқаттардың 32 пайызы қатерлі ісікке шалдыққандар екені анықталған.
Халида Садықованың айтуынша, Түркияның медициналық секторына 2004 жылдан бері 30 млрд. доллар инвестиция тартылған.
 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай