03 қазан 2018 09:20

Косметолог күзде бетке қалай күтім жасау керектігін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет Көрнекі сурет

Қыз-келіншектер жылдың кез келген мезгілінде сұлу болып, бет терісі жарқырап тұрғанын қалайды. Әсіресе, еңбек демалысынан кейін бет терісін ылғалдандырып, оны күз, қыс айларына дайындау өте маңызды екенін ескеру қажет. Осы ретте косметолог Шынар Жұманбай Tengrinews.kz тілшісіне бет терісіне сәйкес келетін процедураны ғана жасап, оны әр маусымға байланысты дұрыс таңдаудың маңызды екенін айтады.


Қыз-келіншектер жылдың кез келген мезгілінде сұлу болып, бет терісі жарқырап тұрғанын қалайды. Әсіресе, еңбек демалысынан кейін бет терісін ылғалдандырып, оны күз, қыс айларына дайындау өте маңызды екенін ескеру қажет. Осы ретте косметолог Шынар Жұманбай Tengrinews.kz тілшісіне бет терісіне сәйкес келетін процедураны ғана жасап, оны әр маусымға байланысты дұрыс таңдаудың маңызды екенін айтады.

Маманның айтуынша, косметологияда нақты тыйым салынған белгілі бір процедуралар жоқ. Мұнда тек оны дұрыс таңдау өте маңызды. 

Бірақ ол қазір қазақстандық қыздар көп жасататын пилинг процедурасын жаз айларында жасамау керектігін ескертеді. Пилинг деп айтып отырғанымыз теріні өлі жасушалардан тазартып, оның жаңаруына септігін тигізіп, пигментациямен, әжімдермен, тіпті, акнемен күресуге де көмектеседі.

"Жалпы бүкіл косметологиялық процедураны күз бен қыста жасаған жөн. Өйткені бұл маусым теріге өте қолайлы. Қыста жасалатын пилингтер (химиялық пилингтер), оның ішінде бадамнан, сүттен жасалған пилингтер - осының барлығын біз міндетті түрде күн суығанда, күн сәулесінің белсенділігі төмендеген кезде, яғни күзден бастап қыстың соңғы айлары наурыз айына дейін жасау керек", - дейді косметолог. 


Бұл процедура 16 мың теңгеден басталады.

Оның айтуынша, бұл процедураны күз, қыс уақытында жасауға тағы бір себеп - қазақстандық қыз-келіншектердің көбі еңбек демалысынан оралып, бетіндегі пигменттерді алып тастағысы келеді. Ал жалпы күз бен қыстағы қолайлы процедуралардың қатарына тек пилингпен және инемен жасалатын (биоревитализация) процедураларды жатқызуға болады екен.

Расында да пилингтен кейін терінің қызарып, ісіну пайда болғаны және терінің қышығаны жайлы жиі естиміз. Маман бұл процедураның қандай кері әсері бар жайлы сұраққа былай деп жауап берді: "Қазіргі уақытта терінің қабыршықтануына жол бермейтін, бетті күйдіріп жібермейтін пилинг жасалады. Клиент тек 15-20 пайыздық қышқыл алады. Бұрынғыдай үлкен мөлшердегі қышқыл қабылданбайды", - деп түсіндірді Жұманбай. 


© ortobio.ru

Осы ретте косметолог күйдіретін пилингтердің өте қауіпті екенін айтып өтті. Оның айтуынша, бет терісі күйіп қалған жағдайда теріде Д пигменті пайда болады. Ал оны пинцетпен жұлып қалсаң, астынан тағы бір пигмент пайда болып, нәтижесінде гиперпигментацияға айналады екен.

Сондай-ақ, маман күз маусымындағы бет күтімі бойынша бірнеше кеңес берді:

1. Күн салқындағанда бет терісі құрғап кетуіне байланысты әрдайым маска жасап тұру қажет;
2. Далаға шығар алдында міндетті түрде ылғалдандыратын крем қолдану керек;
3. Терісі сезімтал немесе куперозы бар адамдарға салқыннан қорғанған жөн;
4. Теріні жаңартып тұру қажет, яғни, пилинг процедурасын ұмытпау керек;
5. Термосуларды қолданып, майлы теріні де ылғалдандыруды ұмытпау керек.
6. Терінің қорғаныштық қызметін жүзеге асыру - теріні күн сәулесінен, желден, аяздан да қорғау қажет; құрамында күннен қорғайтын фильтрі бар косметиканы таңдаған абзал;
7. Сыртқы факторлардан сақтану керек - темекі түтіні, күйзеліс. Мұның барлығы да теріге зиянды әсерін тигізеді.
8. Ең бастысы - таңдаған косметика мен бет күтімі терінің типіне сәйкес келуі керек.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети