ПОДЕЛИТЬСЯ
16 қазан 2019 | 17:59
Медициналық сақтандыру қорына қандай төлем енгізілуі керек
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі іске қосылады. Сол уақыттан бастап жұмыс берушілер өз қызметкерлерінің табысының 1 пайыз ұстап, Медициналық сақтандыру қорына аударып бастайды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі іске қосылады. Сол уақыттан бастап жұмыс берушілер өз қызметкерлерінің табысының 1 пайыз ұстап, Медициналық сақтандыру қорына аударып бастайды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
2022 жылдан бастап жұмыс беруші қызметкерлерінің табысының 2 пайыз ұстап, Медициналық сақтандыру қорына аударатын болады. Бұған қоса, жұмыс беруші жалдамалы қызметкерлері үшін 2020-2021 жылдары 2 пайыз, ал 2022 жылы 3 пайыз аударатын болады.
Бұл төлемдер тегін көрсетілетін қызметке қарағанда кең ауқымдағы медициналық сақтандыру пакетіне ие болуға мүмкіндік береді. Ал қорға төлем аудармағандар медициналық қызметсіз қалмайды, олар учаскелік терапевтке барып, тегін қан талдамасын жасай және бірқатар ауруларды емдей алады. Сондай-ақ жедел медициналық көмек те тегін болып қалады. Сақтандырылған адамдар толық бірқатар тексерілуден өтіп, оңалту қызметтерін ала алады.
Заң бойынша елдегі жұмыс істейтін барлық адамдардан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлем алынуы керек. Биыл тек жұмыс берушілер ғана төлейді, қызметкерлерінің жалақысынан 1,5 пайыз аударады. Алайда, төлемдер барлық ұйымдар үшін міндетті: мемлекеттік және жекеменшік мекемелер өз есептерінен аударуы керек.
Жұмыс берушілердің, ЖК, жеке тәжірибемен жұмыс істейтін тұлғалардың медициналық сақтандыру міндеттемесін орындаумен Мемлекеттік кірістер департаменті салық міндеттемесінің принципі бойынша қадағалайтын болады. Кешіктірілген мерзім үшін өсімпұл қосылып, оны төлемеген жағдайда есеп-шот бұғатталады.
Жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының иелері және жеке тәжірибемен айналысатын тұлғалар (қорғаушы, сот орындаушылары және т.б.) 2020 жылдан бастап ай сайын МӘМС-ке 1,4 ең төменгі жалақысынан 5 пайыз ставкасы бойынша төлем аударып отырады.
Барлық қалған тұрғындар (өздігінен төлейтін) медсақтандыруға ең төменгі жалақысының 5 пайыз төлей алады.
Егер тұрақты кірісі мен ресми жұмысы болмаса да медициналық сақтандыруға қатыса алады. Мұндай мүмкіндік өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған қазақстандықтарға ұсынылып отыр. Олар бірыңғай жиынтық төлемін төлей алады. Ең төменгі төлем үшін (0,5 — 1 АӘК) азамат үш бірдей жүйенің қатысушысы бола алады: зейнеткерлік (оның еңбек өтілі жүреді), әлеуметтік және медициналық сақтандыру.
Показать комментарии
Читайте также