03 ақпан 2016 15:35

Өскеменде аяғында бес артық башпайы бар сәбиге операция жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Өскеменде дәрігерлер аяғында бес артық башпайы бар бір жарым жасар балаға операция жасады, - деп хабарлайды YK-news.kz.


Өскеменде дәрігерлер аяғында бес артық башпайы бар бір жарым жасар балаға операция жасады, - деп хабарлайды YK-news.kz.

Басылымның мәліметінше, күрделі операция ШҚО Ана мен бала орталығында өткен. Дәрігерлер сәбидің артық башпайларын алып тастады. Қазір бала мамандардың бақылауында. Оның өз еркімен жүре бастағаны белгілі болды.

"2014 жылдың ортасында Орталыққа сол аяғында екі табаны бар екі айлық нәрестенің ата-анасы келді. Бала тым кішкентай болғандықтан, біз ата-анаға балаларының жеті айға толуын күту керек екенін айттық. Бес айдан кейін алғашқы операцияны жасадық. Табандағы башпайларды алып тастадық", - деді Ана мен бала орталығының травматология және ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі Ержан Сұлтанбеков.

Бұдан кейін сәбиге тағы екі операция жасалған. "Соңында біз баланың барлық артық башпайларын алып тастап, басқа да кемшіліктерді жойдық. Жақында ғана анасы келіп баланың жүгіріп жүргенін айтты. Енді оның табанының дамуын бақылаймыз", - деді Сұлтанбеков.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети