06 наурыз 2015 15:04

Президент қазақстандықтарды артық тамақтанбауға шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©fb.ru ©fb.ru

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды денсаулыққа мұқият қарап, спортпен айналысуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды денсаулыққа мұқият қарап, спортпен айналысуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Денсаулықтың 12 пайызы ғана медицинаға байланысты екені дәлелденген, ал қалғаны - адамға байланысты. Кез келген қозғалмаушылық - жоғалу. Көгерген су иістене бастайды. Диванның үстінде жатқанның бәрі де солай. Орныңнан тұрып, қозғалу қажет. Екіншіден, артық тамақ ішпеу керек. Әсіресе, менің замандастарым: біз артық тамақ ішпек түгілі, жейтін ештеңе болмайтын. Біз өстік, қазір есіме түсірсем, қандай жоқшылық болған. Нан мен судан басқа беретін ештеңе болмайтын. Сондықтан екіншісі - тамақтану мәдениеті", - деді ол Ақордада өткен әйелдермен кездесу барысында.

Сонымен қатар, Президент бос уақытты дұрыс пайдаланудың қаншалықты маңызды екенін атап өтті. "Спортпен айналыспайтын, кітап оқығысы келмейтін, сурет салмайтын, тіл үйренбейтін адам зерігеді. Бос уақытын қайда жұмсарын білмейді (...): карта ойнау, ішу, достармен қыдыру, яғни бұл адамның төменгі дәрежесі. Оларда рухани мұқтаждық жоқ. Әрине, егер оған: "Лев Толстойды ал да, оқы", десең ол сені мүлдем түсінбейді", - деді Назарбаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети