15 қыркүйек 2018 11:00

"Сингапур" мен "Колорадо". Тұмаудың жаңа түрлерінен не күтеміз және олардан қалай қорғану керек?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Pixabay.com © Pixabay.com

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тұмаудың алдын алудың негізгі ережелерін атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тұмаудың алдын алудың негізгі ережелерін атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ЖРВИ-ның, (тұмауға ұқсас аурулардың) және тұмаудың эпидемиологиялық маусымы 2018 жылы қазанда басталып, 2019 жылы мамырға дейін созылады.

Қазақстанда 2018-2019 жылдардың алдағы эпидмаусымында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымы бойынша, Қазақстанда қолданылатын үшвалентті вакцинаның құрамына енгізілген тұмаудың үш штаммы болады: A (H1N1) - Мичиган, A (H3N2) – Сингапур, B – Колорадо (B/Victoria). Еске сала кетсек, өткен эпимаусымда  тұмаудың 3 вирусы: A (H1N1),  A (H3N2), сондай-ақ В вирусы айналымда қатар болды.

Жыл сайын тұмауға қарсы вакциналар штаммы жаңарып отырады. Егу өткен маусымда айналымда болған вирустардың көмегімен жүргізіледі. Жұқтырудың алдын алудың осы әдісінің тиімділігі  вакциналар қаншалықты болжанатын штаммды құруына байланысты.

Тұмау инфекциясының дамуының бірқатар ерекшеліктері болады. Тұмаудың бірінші белгілері организмге түскен вирустың көлеміне, адамның иммундық жүйесінің жағдайына, вирустың типіне байланысты. Ауру инкубациялық кезеңнен басталады. Жұқтырудан бастап бірінші белгі пайда болғанға дейін бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін өтеді (орташа есеппен 2-4 күн). Аурудың белгілері өте жіті басталады, сондықтан, пациент ауру белгілерінің басталуын көбінесе нақты атай алмайды.

Шұғыл көмекті қажет ететін белгілер туралы мынаны есте сақтау керек: 3-5 күннен астам уақыт дене қызуының 38-40 градустан жоғары болуы, бастың қатты ауыруы (ауырсынуды басатын препараттарды қабылдағаннан кейін де ауыру), сондай-ақ демікпе, естің бұзылуы, аяқ-қолдың тартылуы, аяқтағы геморрагиялық бөртпе.

Жіті вирустық инфекциясының көп жағдайда жұқтырылатын ерекше тәуекел тобы болады. Тәуекелдің осы санатына балалар, жүкті әйелдер, созылмалы ауруы бар адамдар, сонымен қатар медицина қызметкерлерінің өздері және жұмысы халықпен тығыз байланысты адамдар жатады. Олардың ішінде созылмалы өкпе, жүрек-қан-тамыр ауруларымен, инммундық жеткіліксіздігімен ауыратын, әлсіз және жиі ауыратын балалар, медицина қызметкерлері, жүкті әйелдер мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен вакцинацияланады. Тәуекелдің осы топтарының әрқайсысы аурудың ауыр түріне бейім. Бұл ретте, уақтылы егілу аурудың жеңіл өтуіне көмектеседі.

Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің ақпараты бойынша, Қазақстанда қазан айынан бастап тұрғындардың 10 пайызы вакцинацияланады. 2018 жылы бюджет қаражатына Ресейде өндірілген "Гриппол+" вакцинасының 1,5 миллион дозасы 1 миллиард 200 миллион теңгеге сатып алынды. Вакцина A (H3N2) және A (H1N1) және В тұмау штаммдарының антигендерін қамтиды. Одан басқа, Қазақстанда 3 өндірушінің тұмауға қарсы тағы 4 вакцинасы тіркелген. Бұл "Ваксигрип" және "Ваксигрип Тетра" (Франция), "Инфлювак", (Нидерланды) және тұмауға қарсы вакцина (Қытай), оларды арнайы алдын алу ретінде пайдалануға болады.

Өткен маусым бұрынғы маусымдарға қарағанда тұмау вирустары айналымының кеш басталуымен ерекшеленіп, алғашқы бірлі-жарым жағдай Астанада қазан айының соңында тіркелгенін атап айтамыз. Тұмау вирустарының белсенді айналымы ҚР барлық аумағында қаңтар айының басында анықталды және тұмауға оң сынамалардың ең көп саны ақпан айында тіркелді. 2017-2018 жылдардың эпидмаусымында республика бойынша ЖРВИ-ның 530 мың жағдайы, оның ішінде тұмаудың лабороторлық негізде 2118 жағдайы тіркелген болатын.

Тұмаудан басқа Қазақстанда тұмау емес вирустар айналымда болады. Өткен маусымда барлығы 3 мыңға жуық үлгі зерттелді, ол өткен маусыммен салыстырғанда 1,6 есеге көп, оның ішінде 4 пайызында оң нәтиже анықталды (1146 жағдай). Негізінен, риновирус, РС вирус, аденовирустық инфекция, парагрипп, метапневмовирус, бокавирус инфекция анықталады.

Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті алдын алу мақсатында әрбір адам қалауы бойынша тұмауға қарсы ақылы түрде егу алуына болатынын, егу халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның рұқсаты бар жекеменшік вакцинациялау орталықтарында, тұрғылықты жері бойынша егу кабинеттерінде жүргізілетінін еске салды. Тұмауға қарсы вакцинациялау жүргізілетін осындай медициналық мекемелердің мекенжайлары тұрғылықты жері бойынша аумақтық қоғамдық денсаулық сақтау департаменттерінің және денсаулық сақтау басқармаларының сайттарында орналастырылатын болады. Әртүрлі өңірлердегі ақылы егу кабинеттерінде тұмауға қарсы вакцинаның құны - 1600 теңгеден бастап 3500 теңге аралығында.

Сонымен қатар, тұмаудың алдын алудың мынадай негізгі ережелерін естен шығармаған жөн:

Тұмаудың арнайы алдын алу эпидемиялық маусымның алдында (қазан айы) жүргізілетін вакцинациялау болып табылады.

Тұмауға қарсы вакцинациялаудан басқа, тұмаудың және басқа да тұмауға ұқсас аурулардың алдын алудың арнайы емес әдістері де бар. Олар мыналар:

- адам көп жиналатын орындарда және қоғамдық көлікте болу уақытын мүмкіндігінше қысқарту;

- жабық үй-жайларда және адамдар көп жиналған орындарда бір рет қолданылатын бетперделерді пайдалану;

- ауру белгілері, мысалы түшкіру немесе жөтелу белгілері бар адамдармен байланысты мүмкіндігінше шектеу;

- даладан және қоғамдық көліктен келгеннен кейін қолды мұқият жүйелі түрде жуу;

- даладан және қоғамдық көліктен келгеннен кейін мұрын қуысын тұзды сумен шаю;

- өзіңіз отырған үй-жайды жүйелі түрде желдету;

- үй-жайға жүйелі түрде ылғалды жинау жүргізу;

- үй-жайдың ауасын ылғалдандыру;

- құрамында С витамині бар өнімдерді (мүкжидек (клюква), итбүлдірген, шиповник, қарақат, лимон және тағы да басқа) тамаққа көбірек пайдалану;

- сарымсақ және пияз қосылған тамақты көбірек пайдалану;

- дәрігердің ұсынымы бойынша иммунитет көтеретін препараттарды пайдалану.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети