20 сәуір 2018 13:46

Тіс ауырғанды басатын ең тиімді жол айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кейс Вестерн университетінің жанындағы стоматологиялық мектеп ғалымдары ибупрофен және стероидты емес, басқа да қабынуға қарсы дәрілер тіс ауырғанын басатынын анықтады. Мұндай дәрілер тіпті опиоидтардан артық болып шықты. Бұл туралы зерттеу MedicalXpress журналында жарияланды. 

Дәрігерлер тіс ауырғанын басатын түрлі препараттардың нәтижелігіне бағытталған зерттеу қорытындыларын саралаған. Дәрігерлердің пікірінше, құрамында есірткі бар дәрілерді ең ауыр жағдайда ғана пайдалну керек, өйткені мұндай препараттар көп пайдаланылса, зиян келтіреді. АҚШ-тың Ұлттық денсаулық институты мәліметтері бойынша, опиоидтарды шектен тыс пайдаланудан күніне 115 америкалық көз жұмады екен. 

Зерттеу қорытындысы бойынша, ең қауіпсіз және нәтижелі ацетаминофенмен (парацетамол) бірге немесе онсыз қолданылған стероидты емес дәрілер болып отыр. Ересектер ең оңтайлы үлес үшін 400 миллиграмм ибупрофен 1000 миллиграмм парацетамолмен бірге. Ал опиоидтардың ұйқыны келтіру, тыныс алуды нашарлату, жүрек айну, лоқсу мен іштің кебуі сияқты кері әсерлері бар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети