15 маусым 2017 01:31

"1000 мелочей" дүкенінде шыққан өрттен кейін 500-ге жуық қарағандылық эвакуацияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Куәгерлер суреті Куәгерлер суреті

Қарағандыда "1000 мелочей" дүкенінде шыққан өрттің мән-жайы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қарағандыда "1000 мелочей" дүкенінде шыққан өрттің мән-жайы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қарғанды облыстық ТЖД өкілдерінің мәліметінше, өрт 14 маусымда 23.00-де Нүркен Әбдіров көшесінде орналасқан № 15 ғимаратта шыққан. Өрт аумағы - 180 шаршы метр. Өрт 23:55-те ауыздықталып, 23:59-да толығымен сөндірілген. Ведомствоның мәліметінше, өрт сөндіруге 20 арнайы техника және Қарғанды облыстық ТЖД қызметі жеке құрамының 80 адамы жұмылдырылған. 

Айта кетейік, дүкен 10 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында болған. Өрттің салдарынан құтқарушыларға сол үйде тұратын барлық тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіруіне тура келген. Алдын ала мәлімет бойынша, эвакуацияланған адамдар саны - 462. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети