18 мамыр 2019 | 13:15

13 жастағы телеарна жүргізушісінің өлімі: полиция тергеу жұмысын бастады

Камила Долаева Журналист

Полиция өкілдері 13 жастағы "Балапан" телеарнасының жүргізушісінің өліміне қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Полиция өкілдері 13 жастағы "Балапан" телеарнасының жүргізушісінің өліміне қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомствоның мәліметі бойынша, 13 жастағы Құтжан Бағлан жол жиегінде велосипедпен жүріп жол апатына ұшырады. Алған жарақаттарынан жасөспірім ауруханада қайтыс болды. 

Реклама
Реклама

"10 мамырында сағат 17.30-да Қосшы ауылына қарай жол бойында жүк көлігі мен велосипед соқтығысып қалды. Кәмелетке толмаған велосипедші дене жарақатын алып, ауруханаға түскен. 16 мамырда ол қайтыс болды. ҚР ҚК 345-бабы "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - деді Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің өкілі. 


Сурет: Instagram.com/Maqpalzhumabay

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Құтжан Багланның қатысуымен болған жол көлік оқиғасы туралы ақпарат пайда болды. "Балапан" телеарнасының директоры Мақпал Жұмабай Instagram желісіндегі аккаунтында 13 жастағы жүргізушінің мерт болғанын жазған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Балапан, сен міндетті түрде оянасың! Оянуың керек! "balapan" телеарнасының жұлдызы Бағлан әріптесіміз жол апатына түсіп, қазір ауыр жағдайда жатыр. Тілеуіңді тілейміз, күнім...

Публикация от Мақпал Жұмабай (@maqpalzhumabay) 12 Май 2019 в 7:03 PDT


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная