Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

5 жасар Темірлан Сәндібаевтың ұрлануы бойынша қылмыстық іс қозғалды

15 Қазан 2014, 18:57
0
Темірланды іздеу жалғасып жатыр. ©Tengrinews.kz
Темірланды іздеу жалғасып жатыр. ©Tengrinews.kz

Ақтөбеде бес жасар Темірлан Сәндібаевтың ұрлануы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментіне сілтеме жасап. Темірлан Сәндібаев 10 қазан күні өзі тұратын жеке үйдің ауласынан жоғалып кеткен болатын. 

Қылмыстық іс қозғаған ішкі істер департаментінің мамандары бала тірі әрі дін аман болуы мүмкін деген жорамал жасап отыр. Себебі екі күн бұрын адамдар теміржол вокзалы ауданынан сипаттамада айтылғанға ұқсас баланы көрген. Бұған қоса, бір қарт адам полицейлерге балаға тамақ бергенін, бірақ ол ата-анам келіп тұр деп жылдам кетіп қалғанын айтты.

Полицейлер Темірлан Сәндібаевтің жүрген жеріне қатысты бірнеше нұсқаны қарастырып жатыр, соның бірі бойынша іздестіру басталды, оның жай-жапсары тергеудің құпиясы болғандықтан жария етілмейді. Облыстық департамент бастығының орынбасары Қаныбек Жақсығалиевтің айтуынша, баланы іздеуге үш мыңға жуық адам қатысып жатыр, олар - полицейлер мен еріктілер. Іздеу таңертең басталып, кешке дейін жалғасады. Облыстың аудандарына, өзге де өңірлерге Темірланның фотосуреті бар бағыттамалар таратылды. Үйлердің шатырлары, жертөлелері мен саяжай алаптары мұқият тексеріліп жатыр. 

Еске сала кетейік, бес жасар Темірлан Сәндібаев жоғалып кеткен күні анасы оны үй маңына ойнауға жіберіп, 15 минутқа одан көз жазып қалған. Аулаға шыққан кезде баласын таппай қояды. Туыстарының айтуынша, ол - орта денелі бала, бойының ұзындығы - 110-112 сантиметр, қараторы, дөңгелек көзді, қара шашты. Баланың тым сабырлы екенін айтқан туыстары ол дін аман табылады деп үміттенеді. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай