16 тамыз 2018 15:15

52 адам тірідей жанып кеткен автобус: Сот Ақтөбеде өтетін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өзбекстанның 52 азаматы қаза болған автобустың өртеніп кету дерегі бойынша қозғалған іс бойынша сот отырысы Ырғыз ауданында емес, Ақтөбеде өтетін болды. Мұндай шешімді Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының өкілдері қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Өзбекстанның 52 азаматы қаза болған автобустың өртеніп кету дерегі бойынша қозғалған іс бойынша сот отырысы Ырғыз ауданында емес, Ақтөбеде өтетін болды. Мұндай шешімді Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының өкілдері қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алқа төрағасы Қайырбек Елемесов сотта қатысушылардың жағдайын ескергенін айтып өтті. Ырғыз аудандық соты облыс орталығынан 450 шақырым жерде екен.

"Сіздер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 314-бабына сүйендіңіздер. Қылмыстық құқық бұзушылық бір сотта басталып, басқа сотта аяқталса іс тергеу аяқталған жерде қаралуы тиіс. Мысалы, қылмыстың бір бөлігі Ырғызда жасалып, екінші бөлігі қалада жасалды делік. Бұл жағдайды қылмыстық іс Ырғызда жасалды деп санаймыз. Осылайша сот қалада өтеді", - деді алқа төрағасы Қайырбек Елемесов сотталушылардың адвокаттарына.

Сондай-ақ, облыстық соттың баспасөз қызметінің өкілдері сот отырысының нақты қайда өтетіні белгіленбегенін айтып өтті. 

Мұның алдында Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық сотында Өзбекстанның 52 азаматы қаза болған автобустың өртеніп кету дерегі бойынша сот отырысы басталғаны хабарланған еді.

Еске салайық, биыл қаңтар айында Ақтөбеде автобус өртеніп, 52 адамның қаза тапқаны жайлы хабарланған болатын. Ikarus маркалы автобустың 18 қаңтарда сағат 10:30-да Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында Самара - Шымкент тасжолының 1068 шақырымында, Қалыбай ауылынан 10 шақырым жерде өртенгені айтылған еді. Автобустың ішінде 55 жолаушы және екі жүргізуші болған. Оның бесеуі автобустан шығып үлгерген. Кейін оқиға орнынан түсірілген видео мен фотосуретер жарияланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети