6 бала Есіл өзеніне батып кете жаздады

19 Шілде 2018, 15:17
0
6 бала Есіл өзеніне батып кете жаздады - © thetoc.gr
© thetoc.gr

Cолтүстік Қазақстан облысының құтқарушылары Есіл өзенінде алты баланы құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СҚО ТЖД "Жедел-құтқару жасағы" ММ бас құтқарушысы Тұяқ Гүлмираға сілтеме жасап.

Құтқарушылардың айтуынша, балалардың көбі шомылуға ата-аналарынсыз келеді. 

"2018 жылдың 18 шілдесінде сағат 12:30-да Петропавлға жақын маңдағы Есіл өзенінің қалалық жағажайының құтқару бекетінде кезекшілік еткен бас құтқарушы Құлқашев Нұрлан қалтқы белгісінен ұзап кетіп, қайта оралуға күші жетпей, көмекке шақырған 14 жастағы жасөспірімге көмек көрсетті. Жарты сағаттан кейін дәл сондай жағдайда он екі жастағы бала құтқарылды. Келесі жағдай күндізгі екіге таман 8 және 12 жас аралығындағы төрт баламен етек алды. Балалар үрлемелі матраста қалтқы белгісінен ұзап кетіп, оларды ағыс әкете бастады. Құтқарушылар жақын маңда болып, дер кезінде балаларға көмек көрсетті", - деп хабарлады "Жедел-құтқару жасағы" бас құтқарушысы.

Оның айтуынша, жағада барлық баламен профилактикалық әңгіме жұмысы жүргізілді. Барлық жағдайларда балалар үлкендердің қарауынсыз болды. Құтқарушылардың айтуынша, көп жағдайда үлкендер де, балалар да құтқарушылардың ескертулерін елемейді және жабдықталмаған су айдындарында шомылады.

"Сол себепті балаларыңызды назардан тыс қалдырмаңыздар! Құрметті ата-аналар! СҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағы балаларды су айдындарында қараусыз қалдыруға болмайтынын ескертеді. Балалар кез келген уақытта назардан тыс қалмауы тиіс. Балаларға өз бетінше су айдындарына баруға рұқсат етпеңіздер", - деп ескертті құтқарушылар.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай