11 қаңтар 2015 18:49

Air Asia ұшағының "қара жәшігі" табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Теңізге батып кеткен Air Asia компаниясы әуе кемесінің "қара жәшігі" табылды, - деп хабарлайды "Газета.RU".


Теңізге батып кеткен Air Asia компаниясы әуе кемесінің "қара жәшігі" табылды, - деп хабарлайды "Газета.RU".

Құрылғы Air Asiа ұшағының құйрық бөлігі табылған жерден шығысқа қарай 0,5 миль (800 метр) жерде жатыр. Сонымен қатар "қара жәшіктің" сигналын үш бірдей құтқарушы кеменің тіркегені анықталып отыр.

Бұған дейін Ява теңізінен ұшақтың құйрық бөлігі табылғаны хабарланған болатын. Табылған бұл бөлік ұшақтың өздігінен жазатын бортын табуға көмектесетіні айтылды. Индонезияның сүңгуірлері жазуы көрініп тұған ол бөлікті суретке түсіріп алды, енді ол жарылған ұшақты теңестіру кезінде фрагмент ретінде қолданылады.

Еске сала кетейік, AirAsia Indonesia компаниясының ұшағы 28 желтоқсан күні Сурабаядан Сингапурға ұшқан еді. Бір сағат өтпей жатып, пилот ауа райына байланысты бағытты өзгертуге рұқсат сұрайды. Оған бұлтты аймақты биікке көтерілмей-ақ айналып өтуге рұқсат беріледі, өйткені бұл аймақта биіктікте басқа да ұшақтар болды. Бұдан кейін AirAsia Indonesia лайнері радар экрандарынан жоғалып кетті, ол апат дабылын қағып үлгермеген. Бұл кезде ұшақ Индонезияның Танджунгпандан қаласынан 100 теңіз милі шамасында болған. Ұшақта 162 адам отырған. Соңғы мәліметтер бойынша, 30 адамның денесі табылды, олардың екеуі орындыққа таңылған, іздестіру жұмыстарына барлығы 90-нан аса кеме мен ұшақ жұмылдырылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети