24 сәуір 2017 13:02

Gelandewagen жүргізушісі мен жолаушыларын ұстау оқиғасының мән-жайы белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ОҚО полицейлері Mercedes-Benz Gelandewagen жүргізушісі мен жолаушысын ұстаудың мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ОҚО полицейлері Mercedes-Benz Gelandewagen жүргізушісі мен жолаушысын ұстаудың мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сарыағаш - Шымкент тасжолында 1992, 1993 және 1989 жылы туған үш ер адам ұсталды. Оларға қатысты "Бұзақылық" бабы бойынша іс қозғалды. Полицейлер басқа да баптар бойынша сотқа дейінгі тергеу жүруі мүмкін екенін айтады. 

"Куәгерлер тасжол бойында бір топ адам жанжалдасып жатқаны туралы полицияға хабарлады. Полицейлер Mercedes-Benz Gelandewagen көлігінің ізіне түсіп, оны тоқтатты. Көлікте отырған Шымкент қаласының екі тұрғыны мен Алматы қаласының тұрғыны ұсталды. Қазір олардың барлығы Сарыағаш АІІБ-де", - дейді ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметінің өкілдері. 

Еске салайық, 22 сәуір 18:30 шамасында болған жайтты Мұрат Арыстанов атты куәгер видеоға түсірген. Ол полицейлердің жолда қолдан кептеліс жасап, онда 60 шақты көлік тұрғанын айтқан. Содан кейін ең басындағы көлікке жүгіріп жеткен полицейлер тапанша кезеніп, жүргізуші мен жолаушыларды түсіріп алды. Кейін оларды жерге жатқызған. Оқиға бас-аяғы 10 минутттай уақытта болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети