Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Germanwings ұшағының бортында тағы бір қазақстандық бар делінген мәлімет расталмады

26 Наурыз 2015, 20:10
0

Germanwings әуе компаниясының Францияның оңтүстігінде апатқа ұшыраған Airbus 320 ұшағының бортында тағы бір қазақстандық бар делінген мәлімет расталмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз хатшысы Нұржан Айтмахановқа сілтеме жасап.

"Germanwings әуе компаниясының осы жылдың 24 наурызында Францияның оңтүстігінде апатқа ұшыраған ұшағының бортында болған Елена Блесс Германия азаматшасы болған", - деп хабарлады Айтмаханов. Осыған дейін лайнердің бортындағы тағы бір қазақстандық азаматшаның болуы мүмкін екені жайлы мәлімет пайда болған еді.  

Еске сала кетейік, Germanwings әуе компаниясының Барселонадан Дюссельдорфқа бағыт алған Airbus A320 ұшағы 24 наурызда француздың Альп тауларының қол жеткізуге қиын аймағында апатқа ұшыраған еді. Нақтыланған деректер бойынша, 150 адам қаза тапты. Жолаушылардың арасында Қазақстан азаматтары болған. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Germanwings әуе компаниясының 24 наурызда Францияның оңтүстігінде апатқа ұшыраған ұшағында ҚР азаматы Иманғалиев Ербол Базаралыұлының (1965 жылы туылған), Исенғалиева Айжан Сарымқызының және Иманғалиев Әділ Ерболұлының (1989 жылы туылған) өлімін растады. Сонымен қатар, Қазақстанда туған опералық әнші Олег Брыжактың да ұшақ бортында болғаны анықталған еді. Марсель прокуроры Брис Робен Францияда әуе апатына ұшыраған Airbus А320 ұшағының екінші ұшқышының әрекетін әуе кемесін қасақана жою деп бағалауға болатынын айтқан болатын.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай