Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Lexus айдаған оқушы қыз бен оның анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

30 Қаңтар 2015, 19:51
0
YouTube кадры
YouTube кадры

Қарағанды облыстық ішкі істер департаменті кәмелетке толмаған қыздың Lexus автокөлігін жүргізгені түсірілген бейнероликке қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Lexus қыздың анасына тиесілі екені кейін анықталған болатын. 

"Бұл дерек бойынша жол қозғалысы ережелерін бұзуға жол бергені үшін, яғни көлік құралын оны басқаруға құқығы жоқ адамның жүргізгені үшін жүргізушіге, 1998 жылы туған қызға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік құралын басқаруды басқару құқығы жоқ адамға бергені және жолаушыларды тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін қыздың анасына қатысты екі әкімшілік хаттама толтырылды", - деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 

Еске сала кетейік, бұл видео YouTube-те жарияланған болатын, оған оқушы қыздың Lexus көлігіне жақындап, оның есігін сенімді түрде ашқаны түсірілген. Содан кейін оның қасына баласы бар әйел келеді. Аз-маз сөйлескеннен қыз мектеп сөмкесін көліктің артқы орындығына тастап, рульге отырады. Баласы бар әйел оның жанындағы орынға жайғасады. Машина орнынан қозғалып, сенімсіз түрде жүріп кетеді.  

Кейін қыздың анасы Lexus автокөлігін қызына тек аулада ғана жүргізуге рұқсат бергенін айтты. Ол кезде полиция қыздың анасының жазаланатынын хабарлаған еді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай