Lexus айдаған оқушы қызға қатысты мәліметтер белгілі болды

30 Қаңтар 2015, 15:35
0
Lexus айдаған оқушы қызға қатысты мәліметтер белгілі болды - Видеоның кадры. ©YouTube/lexter890
Видеоның кадры. ©YouTube/lexter890

Lexus автокөлігінің руліне отыруға рұқсат берген жетінші сынып оқитын қыздың анасы анықталды, енді ол әкімшілік жауапкершілікке тартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияровқа сілтеме жасап. 

"Автокөлік иесі анықталды. Енді ол кәмелетке толмаған балаға көлікті жүргізуге бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады", - деді Құдияров. Әкімшілік полиция басқармасының мәліметтері бойынша, қыз баланың анасының көлікті жүргізуге құқығы бар. Әйелдің айтуынша, ол оқушы қызына көлікті ауладан жолға дейін ғана жүргізіп баруға рұқсат еткен. Одан әрі Lexus автокөлігін өзі жүргізіпті. 

Еске сала кетейік, YouTube-ке lexter890 деген қолданушы 10-14 жас шамалас қыздың Lexus автокөлігін жүргізгені түсірілген роликті жария еткен еді. Қыз рюкзагын артқы орындыққа қойып, көліктің руліне, ал оның жанына қолында сәбиі бар әйел отырады. Lexus орнынан сенімсіз қозғалып жолға шықты.

"Бала мектептен шығып, рульге отырып үйіне қайтады. Онда тұрған не бар?" - деп жазыпты видеоға пікір қалдырғандардың бірі. Екі күннің ішінде бұл роликті 34 мыңнан аса адам көріпті. Қолданушылардың пікірі әртүрлі. "Видеоны МАИ-ға беріңдер, тым болмаса айыппұл салсын", - деп жазыпты Chuva k. "Ерте жетілгені көрініп тұр, сонда мемлекеттік автоинспекция қайда қарап отыр, түсініксіз, менің ойымша мұны жақында жаңалықтардан көрсетеді", - деп болжады Sup wm. Ал Martin M деген қолданушы бұған басқаша көзқарасын білдірді: "Қазақстан үшін бұл - жап-жақсы көрініс", - деп жазды ол.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай