05 сәуір 2014 21:06

Malaysia Airlines-тің жоғалып кеткен ұшағының қара жәшігінен шыққан белгіні қытай кемесі тіркеген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Malaysia Airlines әуе компаниясына тиесілі ұшақтың жоғалған ауданында болған Haixun 01 қытай кемесі қара жәшіктен шыққан секілді белгіні тіркеген деп хабарлайды РИА Новости


Malaysia Airlines әуе компаниясына тиесілі ұшақтың жоғалған ауданында болған Haixun 01 қытай кемесі қара жәшіктен шыққан секілді белгіні тіркеген деп хабарлайды РИА Новости

Кеме 20 градус оңтүстік ендік пен 101 градус шығыс бойлық ауданында болғанда белгіні тіркеген. Сарапшылардың айтуынша, кеме тіркеген белгі жиілігі Malaysia Airlines ұшағының "қара жәшігіне" орнатылған радиомаяктың жиілігіне ұқсайды. "Бұл - радиомаяктың стандартты жиілігі" деп мәлімдеді навигациялық құрал-жабдықтар сатылымымен айналысатын Dukane Seacom компаниясының президенті. Сонымен қатар сарапшылар тіркелген белгінің жалған болуы ықтимал екенін де болжайды. "Бұл кез келген нәрсе болуы мүмкін. Мен бұл ақпаратты нақтылауға асықпас едім" дейді мұхит зерттеушісі Саймон Боксол.

Malaysia Airlines әуе компаниясының "Боинг-777-200" жолаушылар тасымалы ұшағы 8 наурызда ұшты-күйлі жоғалып кеткен. Куала-Лумпурдан Пекинге қарай бағыт алған әуе кемесі бортында 239 адам болған. 24 наурызда Малайзия президенті Наджиб Разак әуе кемесі Үнді мұхитының оңтүстік бөлігіне құлаған деп мәлімдеген. Оны ғарыш серігі тіркеген мәліметтер сараптамасы айғақтаған. Ұшақ апатынан ешкім аман қалмауы мүмкін.

 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети