Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Mega Alma-Ata кешенінде мүгедектерге арналған тұраққа қойылған қымбат көлік иелері табылды

12 Шілде 2016, 10:29
0
Алматы ІІД-нің баспасөз қызметі
Алматы ІІД-нің баспасөз қызметі

Полицейлер СО Mega Alma-Ata кешенінде Audi және Mercedes көліктерінің мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған тұраққа қойылуының заңдылығын тексерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Audi және Mercedes көліктерінің мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған тұрақта тұрған фотоны полицейлер әлеуметтік желіден көріп, осыған байланысты тексеру жұмыстарын жүргізген.


Алматы ІІД-нің баспасөз қызметі

"Суретте екі көлік құралы бейнеленген, оның біреуі Audi маркалы автокөлік заңды тұлғаға тіркелген. Осы автоның жүргізушісі тексеріс кезінде керекті, яғни мүгедектіктің екінші тобынан екендігін растайтын құжаттарды көрсетті. Осыған байланысты ол кісі ешқандай заң бұзған жоқ. Ал, екінші жүргізуші - Mersedes көлігінің қожайыны өзінің кінәсін мойындады. Оған қатысты 597-баптың 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - деді Алматы қалалық ІІД-нің Жергілікті полиция басшысы Жасұлан Байкенов.

"Осыған орай, Алматы полицейлері құқықбұзушылардың әрекетін әшкерелеген белсенді азаматтарға алғыс білдіреді", - деді ішкі істер департаментіндегілер.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай