Paradise асханасында шыққан өрт көрші үйге көшкен

24 Мамыр 2017, 15:28
0
Paradise асханасында шыққан өрт көрші үйге көшкен - © Mapio.net
© Mapio.net
Paradise асханасында шыққан өрт көрші үйге көшкен -

Алматыда танымал Paradise асханалар желісінде шыққан өрт сөндірілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ТЖД  баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске салайық, 13:33-те Алматы қаласы ТЖД кезекші бөліміне Алмалы ауданында Тұрғыт Озал көшесінде өрт шыққаны хабарланды. Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер өрттің таралуын 13:56-да тоқтатты.

Алматы қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетованың айтуынша, өрт асханадан шыққан, артынша көрші тұрған үйге көшкен.

"Өрт толығымен 14:11-де сөндірілді, аумағы - 150 шаршы метр. Өрт сөндіру кезінде 50 литрлік 18 газ баллоны эвакуацияланды. Өрт салдарынан қаза тауып, жарақат алғандар жоқ", - деді ол. 


"Территория происшествий" бағдарламасы


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай