20 қазан 2014 13:55

SCAT жолаушысы Алматыға қонар кезде ұшақ винтінің ағытылғанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Мәди Мейрамғалиұлы ©Мәди Мейрамғалиұлы

SCAT әуе компаниясының ұшағы қонар кезде оның бұрандалары босап кетті, Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы жолаушылардың бірі Мәди Мейрамғалиұлы айтты. Оның айтуынша, ұшақ Астанадан 16 қазан күні сағат 09.10-де Алматыға ұшқан.


SCAT әуе компаниясының ұшағы қонар кезде оның бұрандалары босап кетті, Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы жолаушылардың бірі Мәди Мейрамғалиұлы айтты. Оның айтуынша, ұшақ Астанадан 16 қазан күні сағат 09.10-де Алматыға ұшқан.

"Ұшып шыққан кезде, екі болты босап тұрды, ұшқан кезде оның бірі қатты босап кетті, бірақ шығып кетпеді. Алматыға қонар кезде ұшақтың қанаты селкілдеп, екі болттың бірі ұшып кетті. Ұшақтан шыққан кезде мен фотоны SCAT бортсерігіне көрсетіп, ақауды инженерге көрсетуге кеңес бердім. Шындығында, бұл - қорқынышты. Ұшақта 100-ге жуық адам болдық", - дейді ол.

Жолаушының босаған бұранданы көргені жөнінде түсінік берген SCAT әуе компаниясының өкілдері мұндай жағдай әуе көлігінің табиғи вибрациясы және температураның айырмашылығы салдарынан болатынын айтты.

"Әуе компаниясының техникалық қызметі ұшар алдында және қонғаннан кейін ұшақты үнемі тексеріп шығады. Мұндай олқылықтар визуалды бақылау кезінде де анықталып, дереу жойылады. Жолаушы компанияға өтініш жасаған кезде де кемшілік анықталып, жөнделді, әуе көлігі кейінгі ұшуларды кестеге сай орындап жатыр", - деп хабарлады SCAT өкілдері.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети