Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Tengrinews TV операторына шабуылдағандардың кім екені анықталды

31 Шілде 2014, 11:02
0
©Тengrinewstv.kz
©Тengrinewstv.kz

Алматы полициясы Tengrinews TV операторына шабуыл жасаған күзетші мен жүкті әйелдің кім екенін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек.

"Күзетшінің және операторды тістеп алған жүкті әйелдің кім екені анықталды. Күзетші операторды қылғындырғанын жоққа шығармайды. Әйел жүктілігін алға тартып отыр. Полицейлер зардап шегуші оператор Юрий Съединмен байланысқа шығып, жарақатының ауырлық дәрежесін анықтау үшін оған сот-медициналық сараптамаға бағыттама берді. Қазір шабуыл жасағандарға қылмыстық немесе әкімшілік жаза қолдану мәселесі шешіліп жатыр", - деді Әзірбек телефон арқылы.

Еске сала кетейік, Tengrinews TV операторына Алматыдағы өртті түсіру кезінде шабуыл жасалған болатын. 29 шілде күні сағат 15.30-да Рысқұлов даңғылында өрт болған еді. Құрылыс материалдарын өндіретін Galaksi Group компаниясы қоймаларының өртенгені белгілі болды.

Түсіру тобы кәсіпорын аумағына кедергісіз өткенімен, шығар кезде кәсіпорынның қауіпсіздік қызметі оператордан түсірілген бейнематериалды тартып алмақ болды. Күзетшілердің бірі операторды қылғындыра бастады, ал өзін заңгермін таныстырған бір әйел Съединнің қолын тістеп тастады.

Журналистердің араласуымен Tengrinews TV операторы босатылды. Съединнің білек тұсында тіс іздері қалды. Tengrinews TV редакциясы мен оператордың өзі БАҚ жұмысшысына шабуыл жасау дерегі бойынша құқық қорғау органдарына шағымданды.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай