Virgin Blue компаниясының ұшағын әлдекімдер басып алды

25 Сәуір 2014, 14:32
0

25 сәуір күні Австралияның Virgin Blue әуе компаниясының Балиді бетке алған ұшағын белгісіз біреулер басып алды, - деп хабарлайды РИА Новости индонезиялық телеарнаға сілтеме жасап.

Жолаушылардың бірі пилоттың кабинасына кіруге әрекеттенген. Экипаж айдап кету әрекеті туралы хабар берген. Агенттіктің мәліметінше, қазіргі уақытта басып алынған ұшақ Бали әуежайына қонды. Бортта қанша адамның болғаны әзірше белгісіз. AFP-ның мәліметіне қарағанда, ұшақ Брисбеннен Балиге ұшқан. Осы оқиғаға байланысты Бали әуежайында бірнеше рейс кейінге қалдырылды.

Еске салайық, 8 наурыз күні Куала-Лумпурдан Бейжіңге ұшқан Boeing 777 із-түссіз жоғалып кеткен еді. Ұшақтың бортында 227 жолаушы мен экипаждың тоғыз мүшесі болған. Іздеу операциялары әлі жалғасып жатыр, бірақ ешқандай нәтиже жоқ. Малайзия премьер-министрі Наджиб Разақ ұшақ Үнді мұхитының оңтүстік бөлігіне құлады деп есептейді.

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай