11 шілде 2018 09:10

Адвокаттар Нұргүл Ертаеваға қатысты шыққан үкімді өзгерте алмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com © instagram.com

Bank RBK-нің бұрынғы тәуелсіз директоры Нұргүл Ертаева қамауда қалатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Bank RBK-нің бұрынғы тәуелсіз директоры Нұргүл Ертаева қамауда қалатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұргүл Ертаева аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген болатын (ҚР ҚК-нің 190-бабының 4-тарауы, 2-тармағы).

"Алматының Медеу аудандық № 2 сотының тергеу судьясы 2018 жылдың 2 шілдесінде Ертаеваны екі айға қамауға алу туралы бұлтарпау шарасы өзгеріссіз қалдырылды. Адвокаттың жеке шағымы қанағаттандырылмады", - деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 22 маусымда Bank RBK-нің бұрынғы тәуелсіз диреткоры Нұргүл Ертаева мен Алма-ТВ директорлар кеңесінің басшысы Александр Пархоменконың сырттай екі айға қамалғаны хабарланған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети