18 шілде 2018 14:08

"Ақ Жайық" резерватында шыққан алапат өрт тікұшақпен сөндіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: kazaviaspas.kz Көрнекі сурет: kazaviaspas.kz

Қазавиақұтқару тікұшағы "Ақ Жайық" резерватында шыққан өртті сөндіруге тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің өкіліне сілтеме жасап.


Қазавиақұтқару тікұшағы "Ақ Жайық" резерватында шыққан өртті сөндіруге тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің өкіліне сілтеме жасап.

16 шілдеде сағат 16.10-да "Ақ Жайық" резерватының 15-18 гектар аумағындағы қамысты алқапта өрт шыққаны хабарланған. Тілсіз жаумен күреске "Ақ Жайықтың" жеке құрамы (30 адам мен 6 техника құрылғысы) және Атырау облысы ТЖД өрт сөндіру бөлімінің 20 қызметкері атсалысты.

"Әуеден сөндірудің тиімділігін ескере отырып, өртті Төтенше жағдайлар Комитетінің МИ-8 Қазавиақұтқару тікұшағы көмегімен сөндірді. Ұшу кезінде тікұшақ қамысты өсімдігінің ошағын су құбыры арқылы сөндірді", - делінген хабарламада.

Су 23 рет түсірілді, олардың әрқайсысы 3 тонна болып есептеледі. Бұл өртті локализациялауға мүмкіндік берді. Жалпы өрт сөндіру аумағы 17 гектар. Қазір оқиға орнында "Ақ Жайық" жеке құрамының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети