21 желтоқсан 2017 15:56

"Ақкент" тұрғын үй кешенінде өлі табылған 17 жастағы жігітке қатысты жаңа дерек шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Instagram.com © Instagram.com

Алматы қаласының Алатау аудандық білім бөліміндегілер "Ақкент" тұрғын үй кешенінде өлі табылған 17 жастағы жігіт жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қаласының Алатау аудандық білім бөліміндегілер "Ақкент" тұрғын үй кешенінде өлі табылған 17 жастағы жігіт жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство басшысы міндеті атқарушы Серікжан Байгуттиновтің айтуынша, ол №178 мектеп-лицейдің 11-сыныбында оқыған. Сондай-ақ, ведомство өкілі жігіттің cынақ тестілеуден өте алмағандықтан суицид жасады деген қауесетті жоққа шығарды.

"Ол 20 желтоқсанда таңғы уақытта мектепке кешігіп келді. Сабақ сағат 8-де басталады, ол болса сағат 09.06-да келді. Біз бұл уақытты видеобақылау камерасынан көрдік. Бірден аудиторияға кірген. Кешігіп келгеніне қарамастан біз оны тестілеуге кіргіздік. Әдеттегі бақылау жұмысы, ол аса ештеңеге әсер етпейді. Тестілеуде 15 минуттай отырып, аяқтамай шығып кетті. Асханаға барып, тамақтанып, үйіне қарай кетті. Сынып жетекшісі оған мектепте қалуы керектігін айтқанымен, ол оны тыңдамай, кете берген. Жарты сағаттан соң осы жағдай болған", - деді Серікжан Байгуттинов.

Сондай-ақ, ол оқушының мектепке келгенде бастапқыдан-ақ көңіл күйі болмағанын айтып, оның отбасы жайлы айтып берді.

"Әкесі Қытайда, анасы "Алтын Орда" базарында жұмыс істейді. Ағасы бар, студент. Орташа оқитын, үштік алатын. Бала байсалды болатын. Сыныптастарымен де сөйлестік, бірақ ол достарына ештеңге айтпаған болып шықты", - деді Алатау аудандық білім бөлімінің өкілі.

Еске сала кетейік, кеше, 20 желтоқсанда Алматыдағы "Ақкент" тұрғын үй кешенінде 17 жастағы жігіттің өлі табылғаны хабарланған еді. Instagram желісінде жігіттің көпқабатты үйдің шатырынан секіріп кеткені түсірілген видео жарияланған болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети