08 қыркүйек 2016 12:37

Әкімдік ҚазҰУ студентіне ағаштың құлауы туралы төтенше оқиғаға қатысты түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Әкімдік ҚазҰУ студентіне ағаштың құлауы туралы төтенше оқиғаға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бостандық ауданының әкімі аппаратының абаттандыру бөлімінің жетекшісі Ренат Сейдрамановтың айтуынша, студент қызға құлап кеткен ағаш жасыл әрі сау болған.

"Біз оқиға орнына бардық, қарап шықтық. Ағаштың бұтағы құлаған, ол жасыл әрі сау болған. Өлген ағаш болса, жауапты тұлғаларды жазалау мәселесі қаралар еді. Бірақ мұнда жағдай басқаша. Бұл табиғи құбылыс (...) Ағаш жасыл, сондықтан бұлай болу себебін білмейміз. Қыздың жағдайын білеміз, сауығып кетсін деп тілейміз", - деді әкімдік қызметкері. 

Осыған дейін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің маңында 18 жастағы қызға ағаш құлап кеткені хабарланған болатын. Мөлдір Ержанова университеттен шығып, аялдама жаққа қарай жүрген, осы сәтте оның үстіне ағаш құлап кеткен еді. Студент қыз ауыр халде ауруханаға жеткізілген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети