17 мамыр 2018 11:34

Әкімдікке көлігімен кіріп кеткен мас жүргізуші экс-шенеунік болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Диапазон" басылымы © "Диапазон" басылымы

Nissan Patrol көлігімен Ақтөбе облыстық әкімдігінің ғимаратына кіріп кеткен ер адам 53 жастағы бизнесмен болып шықты. Сондай-ақ, оның экс-шенеунік екені анықталды. Мас жүргізуші 10 күнге қамауға алынған. Оның бауыры "Диапазон" басылымына берген сұхбатында туысының бұл әрекетке қандай жағдайда барған болуы мүмкін екенін айтты. 

Бұл оқиға 12 мамырда сағат 11.56-да болған. Мас жүргізушіге полицейлер тоқтау туралы бұйрық берген, алайда ол ғимараттың есігіне барып соғылған. 

Сөйтсек, мас жүргізуші Ақтөбенің 53 жастағы тұрғыны Бауыржан Анапин болып шықты. Ол - Шалқардағы бизнес-бапкер Бақытжан Анапинның бауыры. 

"Шок! Бауырым өте сауатты адам, "Атамекен" одағында (қазіргі кәсіпкерлер палатасы) жұмыс істеген, қалалық әкімдікте жұмыс істеген, "Нұр Отанда" мүше болған. Тұрмысы жақсы болған, Саздыда 4 бөлмелі пәтер сатып алды. Үш баласы бар, біреуі Чехияда оқып жатыр. Мемқызметтен кейін бизнеске ден қойған. Құрылыс саласында жұмыс істейтінін айтқан. Бағдаршам орнатқан. Тендерге қатысқан", - деді Бақытжан Анапин.

Оның айтуынша, бауыры мұндай жағдайға отбасы жағдайынан туындаған күйзелістен тап болған-мыс. 

"Бауыржан жол полицейлерінен қашқан. Ішкен. Менің білуімше, ол не істеп, не қойғанын түсінбеген. Көлік қоймасына кіргісі келген, оның орнына әкімдікке кіріп кеткенін аңғармаған. Оның анда-санда ішетініне әйелімен ажырасқаннан кейін түскен күйзелісі себеп болуы мүмкін. Ажырасу оған ауыр соққы болды, ішіп кетті", - деп әңгімелеп берді ол бауыры жайлы.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети