23 ақпан 2015 17:04

Ақмола облысында 17 жастағы бойжеткен өзін-өзі өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©1tvnet.ru ©1tvnet.ru

Ақмола облысында 17 жастағы бойжеткен өз-өзіне қол салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Ақмола облысында 17 жастағы бойжеткен өз-өзіне қол салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"18-інен 19 ақпанға қараған түні Атбасар ауданы Сергеевка ауылында мамандандырылған-техникалық лицейдің екінші курсында тігінші мамандығына оқып жүрген қыз асылып қалды. Оның әке-шешесі ажырасып кеткен. Ол көмір қоймасында шыт көйлекке асылған", - деп хабарлады Атбасар ауданының прокуроры Дархан Аманбай.

Прокурордың мәліметінше, ҚР ҚК 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық жағдаяттар анықталып жатыр. Қыз жауапсыз махаббатқа байланысты өзін-өзі өлтіруі мүмкін деген болжам бар. Ол өлім алдында хат қалдырмаған. Марқұм 17 жаста болды, мамыр айында ол 18-ге толар еді. 

Еске сала кетейік, осыған дейін Атырау облысында 11 сынып оқушысының өз-өзін өлтіргені хабарланған болатын. Оқиға 17 ақпанда Доссор ауылында болды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, мектеп оқушысы өлім алдындағы хат қалдырмаған. Тергеудің болжамынша, түлек бұл іске ҰБТ-да математика пәні бойынша төмен балл алған болуы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети