10 қаңтар 2017 15:28

Ақмола облысында 90 жастағы зейнеткерді алдап, қыруар ақшасын ұрлап кеткендер ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Полицейлер Степногорск қаласында 93 жастағы зейнеткерден 1,5 миллион теңгеден аса ақша ұрлаған екі ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Полицейлер Степногорск қаласында 93 жастағы зейнеткерден 1,5 миллион теңгеден аса ақша ұрлаған екі ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, 9 қаңтарда Степногорск қалалық ІІБ-не 93 жастағы зейнеткер белгісіз біреулердің оның үйінен 1 670 000 теңгені ұрлап кеткенін хабарлаған.

Зардап шеккен зейнеткердің айтуынша, 6 қаңтарда шамамен сағат 11.00-де белгісіз ер адамдардың оның үйіне келіп, өздерін қалалық су арнасының қызметкерлері деп таныстырып, ас үйде су тазартатын құрылғы орнату қажеттігін айтқан. Содан зейнеткер мен оның 90 жастағы әйелі ас үйдегі "қызметкерге" қарап тұрғанда, екінші ер адам дәлізде тұрған. Бірақ жатын бөлмедегі қаражаттың жоғалғаны жайлы ерлі-зайыпты екі сағаттан кейін ғана байқаған. Содан олар бірден полицейлерге хабар берген", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, 93 жастағы зейнеткер ұрлық жасалғанға дейін оның үйіне бір ер адамның келіп, массаж жасайтын заманауи құралды сатып алуын ұсынғанын есіне түсірді. Сол сәтте "сатушы" үй иесінің ақшаны қайдан алғанын көрген екен.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 8 қаңтарда Степногорск қалалық ІІБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері зейнеткердің ақшасын ұрлады делінген 28 және 29 жастағы екі ер адамды ұстады. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олар бұл әрекеттерін мойындап отыр. Осыған байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі бойынша ("Ұрлық") қылмыстық іс қозғалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети