Ақмола облысында Audi "КамАЗ"-бен соқтығысып қалды

21 Қыркүйек 2014, 18:52
1
Ақмола облысында Audi "КамАЗ"-бен соқтығысып қалды - ©Ярослав Радловский
©Ярослав Радловский

Ақмола облысы аумағында орналасқан Алматы-Екатеринбург күрежолында Audi-80 маркалы көлік жол жиегінде тұрған "КамАЗ"-бен" соқтығысып қалды, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан".

Жол апаты салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапса, көлікте отырған бір жолаушы ауруханаға жеткізілгенімен есін жиып үлгерместен жан тапсырған. Ал қалған екі жолаушы ауруханаға жатқызылса, олардың бірі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілген. "Камаз" жүргізушісі зардап шеккен жоқ.

Осы оқиғаға байланысты тексеріс жүргізілуде.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай