Ақмола облысында жоғалып кеткен әйелдің өлігі табылды

21 Қараша 2016, 10:55
0
Ақмола облысында жоғалып кеткен әйелдің өлігі табылды - Қуанған Базаргүл © Ақмола облыстық ІІД
Қуанған Базаргүл © Ақмола облыстық ІІД

Полицейлер Ақмола облысында 12 қарашада жоғалып кеткен Қуанған Базаргүлдің денесін тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ІІД сілтеме жасап.

"Әйелдің денесі 19 қарашада Ошақ ауылынан екі шақырым жердегі сайдан табылған. Өлімінің алдын ала себебі - денесі суықтап қалған", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, осыған дейін полицейлер мен еріктілердің Ақмола облысының Шортанды ауданының тұрғыны Қуанған Базаргүлді іздеп жатқаны хабарланған болатын. 41 жастағы әйелдің іс-түссіз жоғалғаны туралы Шортанды аудандық ІІБ-не 14 қарашада түскен. Қуанған Базаргүлдің күйеуінің айтуынша, ол 12 қарашада 08.30-да үйден шығып, қайта оралмаған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай