Ақмола облысында жол апатынан сот төрағасы қайтыс болды

30 Қыркүйек 2014, 13:20
0
Ақмола облысында жол апатынан сот төрағасы қайтыс болды - ©Tengrinews.kz
©Tengrinews.kz

Ақмола облысында жол көлік оқиғасының салдарынан Бурабай аудандық мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Ерлан Оразов қайтыс болды. Бұл туралы облыстық ІІД "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне хабарлады.  

Жол көлік оқиғасы таңғы сағат 7-лер шамасында Астана - Петропавл тас жолының 258-шақырымында болған. "Шкода" қызметтік көлігінің жүргізушісі жылдамдықты асыра пайдаланып, алдында Көкшетау тұрғыны басқарып келе жатқан "ГАЗель" жүк көлігімен соқтығысқан. 

Осының салдарынан "Шкода" жеңіл көлігінің ішінде отырған жолаушы - Бурабай аудандық мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Ерлан Оразов оқиға орнында қайтыс болды. Ал оның жүргізушісі ауыр халде ауруханада жатқызылған. Бұл ретте "ГАЗель" жүргізушісі зардап шеккен жоқ, бірақ оның жолаушысы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.  

Енді осы жол көлік оқиғасы дерегіне қатысты тексеру жүргізіліп, "ГАЗель" көлігінің ішіндегі жолаушы - зардап шеккен әйелдің кім екені анықталып жатыр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай