28 қазан 2015 10:16

Ақмола облысында жылқыларға соғылған көлік жолаушыларымен бірге жанып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

TengrinewsTV видеосынан алынған кадр TengrinewsTV видеосынан алынған кадр

Ақмола облысында автокөлік бірнеше жылқымен соқтығысып, жол апатынан үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі өңірлік ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға 28 қазанға қараған түні болды.


Ақмола облысында автокөлік бірнеше жылқымен соқтығысып, жол апатынан үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі өңірлік ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға 28 қазанға қараған түні болды.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты туралы хабар Астрахан аудандық ІІБ кезекші бөліміне түскен. Жол-көлік оқиғасы Ақмола облысы "Алматы-Екатеринбург" автожолының 1024-шақырымында болған.

"Тексеру барысында Lada Priora автокөлігінің тізгінінде болған Астраханка ауылында тұратын 1991 жылғы жүргізушінің екі адаммен бірге Жалтырға бағыт алғаны анықталды, екі жолаушының кім екені белгісіз. Жүргізуші үш жылқыға соғылып, көлік бірден жанып кеткен. Соның салдарынан үш адам да қайтыс болды, жүргізуші мен 1995 жылғы екі жолаушы", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, биыл маусым айында Ақмола облысында ірі жол апаты болған еді. Ол кезде жол-көлік оқиғасынан 4 адам қаза тапты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети