08 ақпан 2018 10:37

Ақмола облысында кәріз құдығынан сәбидің денесі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысы Атбасар қаласында кәріз құдығынан сәбидің денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақмола облысы Атбасар қаласында кәріз құдығынан сәбидің денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"7 ақпанда сағат 11.50-де Атбасар аудандық ІІБ диспетчерлік қызметіне "Атбасар су арнасы" қызметкері қаладағы кәріздердің бірінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқанда сәбидің денесі (қыз бала) табылғанын хабарлаған", - деді Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі.

ІІД мәліметінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі өндіріс басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, қылмысты ашуға бағытталған кешенді іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети