27 шілде 2016 17:10

Ақмола облысында локомотив автокөлікпен соғысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© zvencity.ru © zvencity.ru

Ақмола облысында темір жол өткелінде локомотив автокөлікпен соғысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ақмола облысында темір жол өткелінде локомотив автокөлікпен соғысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға бүгін Ақмола облысындағы Первоцелинная - Жаңа Есіл аралығында болған. "Күзет қойылмаған темір жолынан көліктердің өту жолында Курорт - Бровский локоматив бригадасы "Лада Приора" маркалы автокөлікпен соғысудың алдын алмақ болып, жедел тежегішті қолданған. Ара-қашықтықтың алыс болуына байланысты соғысудың алдын алу мүмкін болмаған. Автокөліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол жол қозғалысы ережесін елемей, локомотивтің жақын қалғанын көрсе де қозғалысын тоқтатпаған, сол себепті локомотивпен жеңіл көлік соғысқан", - делінген таралған хабарламада.

Ресми мәлімет бойынша, жарты жылдың ішінде "ҚТЖ-Жүк тасымалдау" АҚ пойыздарының машинистері адамдар мен көліктермен соғыспауы үшін 1,6 мың рет жедел тежегішті қолданған.

"Көп жағдайда, темір жол өткелінде болатын жол апатына жол қозғалысы ережесін қатаң бұзатын автокөліктердің жүргізушілері кінәлі", - деді компаниядағылар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети